Атырауда рейд кезінде 178 жасөспірім есепке алынды

Атырау облыстық ІІД жергілікті полиция қызметі өткізген профилактикалық шара нәтижесінде 178 жасөспірім есепке алынды.

36874265_601866623547096_8098445704608874496_o

Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, баласын мектепке жібергісі келмейтін немесе баланың бос уақытын дұрыс өткізуге жете мән бермейтін отбасылармен жұмыс үнемі жүргізіліп келеді. Облыстағы жалпы профилактикалық есепте 203 жайсыз отбасы тұр. Жыл басынан бері жасөспірімдердің қатысуымен 1500-ге жуық тәртіп бұзушылық тіркелген.

«Ата-аналардың жауапкершілігі ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабында көзделген. Аталмыш заң аясында мектеп жасындағы балалардың білім мен тәрбие алуына ерекше көңіл бөлінеді», – дейді облыстық ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Берік Амангелді.

Ал, жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы, полиция подполковнигі Орынгүл Көшқалиеваның айтуынша, 1600-ге жуық ата-анаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, заң талаптары түсіндірілген. Мұндай ескертуге құлақ аспаған 3 адам ата-ана құқығынан айырылып, 2 тұлғаның құқықтары шектелді.

Жиында пікір білдірген үкіметтік емес ұйым мүшелері отбасында зорлық көрген аналардың құқықтарының қорғалуы және бұл ретте ішкі істер органдарының белсенділігін одан әрі арттыру жайындағы ойларымен бөлісті.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*