Атырауда рентген диагностикасының «Құзыреттілік орталығы» ашылды

Жаңалықтар Медицина

Мақсат – аурудың алдын алу, анықтау және емдеу. Диспансер мамандарының айтуынша, мұнда көкірек қуысының туберкулезін және басқа да ауруларды дер кезінде анықтап, асқынбай тұрған мезгілде емдеу шаралары жүргізіледі.  

Depositphotos_13307608_original

Әзірге бұл орталыққа Атырау қаласындағы №1, №3, №4, №7 және Қызылқоға аудандық емханалары қосылып, рентген суреті екінші рет оқылуда. Алдағы уақытта бұл жүйеге басқа да денсаулық сақтау ұйымдары қосылады. Осылайша, белгіленген талаптарға сәйкес, рентген суретіне талдау екі кезеңде жүргізіледі. Құзірет орталығында дәрігерлік тексеріс нәтижесі толық іске асырылып, кеңес беріледі.

– Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Атырау облысына іссапармен келген уақытта осы мекемеге де ат басын тіреді. Еліміздің бас дәрігері мекеме жұмысына оң баға берді. Ендігі уақытта мұндағы жұмыс одан әрі жүйелене түседі. Бұл – медициналық қызмет сапасын арттыруда атқарылған істердің бірі, – дейді аталған диспансер басшысының орынбасары  Гүлжанат  Сұлтанқызы.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *