Атырауда ономастика комиссиясының кезекті мәжілісі өтті

Атырау облысы әкімдігінің мәжіліс залында облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиевтің төрағалығымен облыстық ономастика комиссиясының кезекті мәжілісі өтті. Мәжіліс жұмысына комиссия мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

IMG_6273

Комиссия отырысында облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың басшысы Әсия Қыстаубаева хабарлама жасады. Ол өз сөзінде бекітілген тәртіппен көшелер мен елді мекенге атау беру бойынша ұсыныстар облыстық ономастика комиссиясына келіп түскенін, нақтылар болсақ, Жылыой ауданы, Құлсары қаласынан – 113, Мақат ауданынан 38 ұсыныс келгенін жеткізді.

«Биыл жергілікті атқарушы органдарға берілген тапсырмада объектілерге, әкімшілік-аумақтық бірліктерге және олардың құрамдас бөліктеріне (көшелер, даңғылдар, саябақтар және т.б.) кісі есімдерін беруге барынша шектеу қойылып, жалпыұлттық деңгейде танылмаған тұлғалар есімдерін беруге жол берілмейтіндігі, бұл тапсырманы барлық деңгейдегі органдар қатаң ұстану қажеттігі ескертілген болатын. Сондай-ақ, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының тапсырмасында да осы мәселеге үлкен көңіл бөлініп отыр. Алайда, бүкіл ел аумағында идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды өзгерту бағытында біраз жұмыс қолға алынды. Ал, құрамдас бөліктерге қазақы жер-су атауларын беру, идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды жаңғырту, айшықты атаулар беру жалғасатын болады»,-деді Әсия Баянқызы.

Комиссия мүшелері ұсынылған атаулардың мәні мен мазмұнына, негізгі тарихи атауына көбірек мән беру керектігін, жеке тұлға болса, оның ел үшін, халық үшін сіңірген еңбегіне мейлінше көңіл бөлу қажеттігін бөле-жара айтты. Көшелерге неғұрлым қысқа да нұсқа атаулардың келіңкірейтінін, мәселен: «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы көшесі» деудің орнына, «Тәуелсіздік көшесі» деудің дұрысырақ болатынын бірауыздан құптады. Олар көшеге, болмаса елді мекендерге атау беру оңай жұмыс емес, мұның кейінгі ұрпақ алдында жауапты іс екенін айтып, асығыстыққа бармай, көптің ойынан шығатын шешім қабылдайық деген ортақ байламға келді. Сол себепті де аудандардан келіп түскен «Ұршық», «Текемет», «Қызғалдақ» деген ұсыныстар қабылданбай қалды.

Лиза СЕЙТІМОВА

Фото bilim-all.kz сайтынан алынған

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*