Атырауда облыстық білім беру басқармасының басшысы тағайындалды (ФОТО)

Білім Басты жаңалық Жаңалықтар Шаһар шырайы

Облыстық білім беру басқармасының басшысы болып Кенжеғалиев Қайырғали Рысқалиұлы тағайындалды. Бүгін облыс әкімі Нұрлан Ноғаев жаңа басшыны жергілікті активке таныстырды.

ус

44 жастағы Қайырғали Кенжеғалиев – Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университетінің түлегі. Алғашқы еңбек жолын облыс орталығындағы №23 орта мектепте мұғалім болып бастаған. Кейін аталған оқу ордасына, №11 орта мектепке басшылық етіпті. Атырау қалалық білім бөліміндегі, облыстық басқармадағы әдістемелік кабинеттерге жетекшілік еткен. Тәжірибелі маманның соңғы қызметі – білім беру басқармасы басшысының орынбасары.

ус1

Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев облыстың «бас ұстазын» жаңа қызметімен құттықтап, нақты тапсырмалар берді.

Азамат БАЗАРБАЕВ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *