Атырауда Назарбаев Университетінің ашық есік күні өтті

Оған 200-ге жуық адам бағдарлама туралы біліп, өтініш беру талаптары бойынша кеңес алу үшін барды, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-11-19 at 16.25.17 (1)

Назарбаев Университетінің барлық мектебінің профессорлары үміткерлерді қабылдаған. Мұнда оқушылар мен олардың ата-аналарына университеттің сегіз мектебіне түсу, қолжетімді мүмкіндіктерге байланысты таныстырылымдар өтті, сондай-ақ, талапкерлерге жекелей кеңестер берілді.

«Былтыр Мемлекет басшысы Н.Назарбаев университет студенттерін екі есеге ұлғайту жөнінде тапсырма берді. Осыған орай, Қазақстанның барлық облыстарында Назарбаев Университетінің ашық есік күндерін өткізу туралы шешім қабылданды. Атырау қаласындағы ашық есік күніне келген үміткерлердің басым көпшілігі Назарбаев Зияткерлік мектебі мен «Білім-Инновация» лицейінің оқушылары. Біз Назарбаев Университетіне түсу шарттары, қабылдау емтихандары, студенттік өмір туралы ақпарат бердік», – дейді Назарбаев Университетінің өкілі Әсел Ғалиева.

«Аталған іс-шараның біздің қаламызда ұйымдастырылғанына өте қуаныштымын. Бүгін мен көптеген пайдалы ақпарат алдым. Алдағы уақытта Назарбаев Университетіне түсуді жоспарлап отырмын және қазірде қабылдау емтихандарына дайындықты бастадым», – дейді «Білім-Инновация» лицейінің оқушысы Әлихан Болатов.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*