Атырауда науқас балалар саны көбейген

Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарын қолдау бағытында “Нұр Отан” партиясының облыстық филиалында комиссия отырысы өтті.

1

Жиынды аталған бағыт бойынша бөлінген партиялық куратор, облыстық мәслихат депутаты Гүлсина Байкенова жүргізіп отырды.

Алдымен облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Злиха Дюсекенова, облыс мектептеріндегі инклюзивті, яғни ерекше балаларға білім берудің жай-жапсарын баяндады. Әсіресе, бүгінде арнайы сыныптарды жабдықтау мәселесі өткір тұр. Бұрын өңірде 2 мың ауру бала тіркелсе, қазір олардың саны 6 мыңға жуықтаған.

Сондай-ақ, жиында Атырау қаласына түзету және логопед бөлмелері керек екені айтылды. Мамандар тапшылығы мәселесі де назардан тыс қалмады.

Комиссия отырысында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, денсаулық сақтау басқармасының мамандары да тақырыпқа қатысты өзіндік ой-пікірлерімен бөлісті.

Амандық Сағынтайұлы

Фото newsroom.kh.ua сайтынан алынған

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*