Атырауда Нұрлан Оразалиннің шығармашылық кеші басталды

Бүгін Атырауда Махамбет атындағы қазақ драма театрында танымал жазушы, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Нұрлан Оразалиннің 70 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеші басталды.

0f00efbe4fb732aad6bc1d0a6360bd68

Мерейтой иегерінің кешіне Ақұштап Бақтыгереева, Смағұл Елубай, Жанарбек Əшімжан секілді танымал ақын-жазушылар жəне аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев құрметті қонақ ретінде келіп, қатысуда.

Айта кетейік, Нұрлан Оразалин 1947 жылы, 13 маусымда Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Үлкен Диқан (қазіргі Көкбастау) ауылында дүниеге келді.

1965 жылы ол мектепті күміс медальмен бітіріп, сол жылы Қазақтың С.М.Киров атындағы Мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Ұлттық университетінің) филология факультетіне оқуға түсті.

1970 жылы ол еңбек жолын “Қазақстан пионері” (қазіргі “Ұлан”) газетінде әдеби қызметкер болып істеді.

1972-1984 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы мәдениет министрлігінің репертуарлық-редакциялық коллегиясында редактор, аға редактор, бас редактор қызметтерін атқарды.

1984-1986 жылдарда Республикалық қуыршақ театрының директоры болды.

1986 жылы Қазақстан театр қайраткерлері одағының I съезінде Одақ Басқармасының бірінші секретары болып сайланды.

1986 жылы өткен КСРО театр қайраткерлері Одағының I съезінде Басқарма құрамына енді.

1990 жылдар аралығында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі XII шақырылуының депутаты болды (Ұлт саясаты, мәдениет пен тілді дамыту жөніндегі Комитет Төрағасының орынбасары қызметін атқарды).

1991 жылдарда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жоғарғы Палатасында ғылым, білім және мәдениет Комитеті төрағасының орынбасары.

1993-1996 жылдар аралығында “Егемен Қазақстан” газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды.

1996 жылы Қазақстан Жазушыларының XI съезінде Одақ Басқармасының Бірінші секретары болып сайланды.

2002 жылы Қазақстан жазушыларының XII съезінде Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы болып қайта сайланды.

Нұрлан Оразалин — Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Алматы қаласының құрметті азаматы.

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*