Атырауда музыкалық оркестрлер шеруі өтті (ФОТО)

Атырау көшелеріндегі жаппай музыкалық шеруге 4 мыңға жуық бала қатысты, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-06-01 at 14.01.43

WhatsApp Image 2018-06-01 at 14.01.45 (1)

Музыкалық оркестрлер шеруі Д.Нұрпейісова атындағы академиядан басталып, Исатай-Махамбет атындағы орталық алаңда аяқталды. Бұл жерде шара қонақтарына балалар мен жастар шығармашылық ұжымдарының театрландырылған қойылымдары көрсетілді.

WhatsApp Image 2018-06-01 at 14.01.46

WhatsApp Image 2018-06-01 at 14.01.49

Атырау облысы әкімінің орынбасары Нұрсәуле Сайлауованың айтуынша, музыкалық оркестрлер шеруі Астананың 20 жылдық мерейтойына орай өтті және бұл дәстүрге айналады.

Бүгінде балалар, оқушылар мен студенттер үшін жарқын болашақтың есігі айқара ашық. Мемлекет жас ұрпақты кешенді дамыту үшін көптеген мүмкіндіктер беруде. Балабақшалар мен мектептер салынуда, жаңа беделді білім беру мекемелері ашылуда. Үздік студенттер шет елдерде оқу және тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие. Еліміздің жоғары оқу орындарында тегін білім алуға гранттар бөлінеді. Біз сіздердің арққаларыңызда Қазақстанымыздың болашағы жарқын боларына сенімдіміз, – деді Нұрсәуле Сайлауова.

WhatsApp Image 2018-06-01 at 14.01.45

Айта кетейік, 2017-2018 оқу жылында Атырау облысында 5183 түлек мектеп бітірді. Олардың ішінде 153 – і «Алтын белгіге», 91 – і үздік аттестатқа үміткер.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*