Атырауда муай тай шеберлерінің қатысуымен дүбірлі дода өтеді

3 қыркүйекте Атырауда муай тайдан қазақстандық ғалым Әмен Аманқұлов атындағы халықаралық турнир өтеді. Жекпе-жек өнерінің жанкүйерлері әлемнің 5 мемлекетінен келген спортшылардың өнерін тамашалайтын болады. Бұл туралы редакциямызға облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

i

Турнирде қазақстандық муай тай шеберлері Бразилия, Тайланд, Ресей, Австрия және Оңтүстік Африкадан келген қарсыластармен күш сынасады. Қарсыластардың барлығы дерлік өз мемлекеттерінің кәсіби деңгейдегі спортшылары. Сондықтан, атыраулықтар тартысты сайыстың куәгері болары сөзсіз.
Сайыс Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, «Елухан» Қазақстан Республикасы Муай тай федерациясы және Муай тай федерациясының Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткелі отыр.

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*