Атырауда мемлекеттік қызметшілерге жалақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілді

Атырауда мемлекеттік қызметшілерге жаңа жалақы төлеу жүйесі енгізілді.

den-gossluzhashchego-no

«Атырау облысында Мемлекет басшысының тиімді мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік қызметшілерге жалақы төлеу жөніндегі жаңа пилоттық жобасы іске қосылды. Бұл жоба лауазым өкілеттіктерін орындауды бағалауда факторлық-балл шкаласын қолдануды қарастырады. Айлық жалақы мөлшері қызметшінің өкілеттігіне, шешілетін мәселелердің күрделілігіне және әрбір қызметшінің нәтижеге қол жеткізудегі жауапкершілігіне байланысты айқындалады»,-деп хабарлады ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.

Жалақы төлеудің жаңа жүйесі жұмыскерлерді материалдық ынталандырудың бұрынғыға қарағанда ықпалды тетігі болмақ.

Осыған дейін, Қазақстанның 4 мемлекеттік мекемесінде жаңа жалақы төлеу жүйесі қолданылатыны айтылған болатын.

Айқара Ғұмар

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*