Атырауда күзгі кросс өтті (ФОТО)

Сенбі күні таңғы сағат тоғызда облыстық әкімдік маңынан «Yellow Race» атты күзгі кросс жарысы бастау алды. Ұйымдастырушы – «Atyrau Marathon» ұйымдастыру комитеті мен «Infinity» фитнес орталығы және облыстық жеңіл атлетика федерациясы.

Screenshot_2018-10-15-03-32-35

Screenshot_2018-10-15-03-32-47

Screenshot_2018-10-15-03-33-15

Screenshot_2018-10-15-03-32-53

Марафон мерекесі осымен мұнайлы мекенде төртінші мәрте өтіп отыр. Бұл жолы ересектерден бөлек, балалардың да белсенді қатысуына көп көңіл бөлінді. Олар 400 метр болатын екі қашықтықта жүгірді. Ал, үлкендер жағы Сұлтан Бейбарыс алаңы мен Жеңіс саябағына дейін созылған 4,5 шақырымды еңсеруге күш салды.

– Спорттық шара қыс мезгілінде де жалғасын табуы ықтимал. Тіпті, қатысушылар Жайық өзеніндегі мұз үстімен жүгіруі де мүмкін. Ал, келесі жылдан бастап екі ай сайын өткізуді жоспарлап отырған жайымыз бар, – деп атап өтті «Atyrau Marathon» ұйымдастыру комитетінің вице-президенті Юрия Пономарев.

Screenshot_2018-10-15-03-32-42

Screenshot_2018-10-15-03-33-20

Screenshot_2018-10-15-03-33-26

Күннің салқындығы мен жауған жаңбырға қарамастан 500-ден астам адам жүгіруге ниет білдірді. Атырау қаласының тұрғыны Мәрияш Айбасова егіз балаларын өзімен бірге алып жүгірді. Ондағы ойлағаны, баланы ерте кезден спортқа, жеңіл атлетикаға, соның ішінде, жүгіруге баулыған дұрыс. Нәтижесінде, мәре сызығын ең бірініш болып кесіп өткен Әсет Қыран жеңіске жетті.

– Мен – Қытайдан келген қазақпын. Қазір Халел Досмұхамелов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде білім аламын. Биыл көктемгі кроссқа қатысып, бас жүлде иеленген едім. Өзім туып-өскен жерде жеңіл атлетика жоғары деңгейде дамыған. Ондағылар жазда да, қыста да 15 шақырымнан аз жүгірмейді. Ал, дене шынықтыру пәні аптасына төрт рет екі сағаттан өтіп отырады, – дейді ол.

Сол сияқты, мәреге жеткен алғашқы 200 қатысушы естелік медальдарға ие болды.

Screenshot_2018-10-15-03-33-09

Screenshot_2018-10-15-03-33-04

Screenshot_2018-10-15-03-32-58

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Суреттерді түсірген: Расул СЕРІКОВ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*