Атырауда кәсіпкерлердің облыстық форумы өтті (ФОТО)

Форумда бизнес пен атқарушы билік өкілдері өзара іс-қимыл жасау және орын алған кедергілерді жою мәселелерін талқылады.

61a95f66-bca3-4fe9-88b5-00a690a33c33

Форум Атырау облысы әкімдігінің, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің, Атырау облыстық Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен ұйымдастырылды. Жиынға Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау бойынша өкіл Болат Палымбетов қатысты.

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев кездесудің маңыздылығына тоқталып, кәсіпкерлер қауымдастығы мен атқарушы биліктің арасындағы диалог бірқатар проблемалық мәселелерді шешуге, орын алған кедергілерді жоюға көмектесетініне сенім білдірді.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпкерлікті дамытуға, шағын және орта бизнесті қолдауға үлкен көңіл аударады. Мұндай кездесулер бізге тікелей қарым-қатынас жасауға, кәсіпкерлік саласындағы ең өзекті мәселелерді көтеруге мүмкіндік береді»,-деді Нұрлан Ноғаев.

61195ce7-9d2c-45e5-86cc-82b647da90d6

Аймақ басшысының айтуынша, өңірде кәсіпкерлікті қолдау бағытында көптеген жұмыстар атқарылуда. Тиісінше, мемлекет тарапынан қаржылай көмек қана емес, барлық мемлекеттік қызметтер тиісті деңгейде көрсетіліп жүр.

«Кәсіпкерлікті дамыту еліміздің экономикасы үшін маңызды. Соңғы бес жылда кәсіпкерлікті дамытуға жергілікті бюджеттен 1,2 млрд. теңге бөлінді. Ал, 2018 жылы бюджеттен 500 млн. теңге бөлініп, оның басым бөлігі ауылдағы бизнесті дамытуға бағытталды. Атырау облысы – мұнайлы өңір. Алайда, соңғы жылдары біз экономиканы әртараптандыруда, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуда, өнімдерді қайта өңдеуде айтарлықтай жұмыстар атқардық»,-деп атап көрсетті Нұрлан Ноғаев.

Облыс әкімі Н.Ноғаев екінші деңгейлі банктер мен ауыл кәсіпкерлері арасындағы әріптестіктің күрделілігін баяндады. Мәселен, көптеген ауыл тұрғындары үшін несие алу кезіндегі кепіл мәселесі күрмеулі түйінге айналған. Осы орайда, жергілікті әкімдік ауыл бизнесіне шағын несие беру үшін бірқатар бірегей бағдарламаларды іске қосқан. 2017 жылы «Бизнес Аймақ» бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттен 350 миллион теңге бөлініп, соның арқасында 67 бизнес жоба іске асырылған, 123 жұмыс орны құрылыпты. «Алтын Кеме» бағдарламасы бойынша да 304 миллион теңгеге 13 жоба мақұлданып, 25 жұмыс орны ашылған. Сондай-ақ, 2017 жылы Атырау облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 1543,5 млн. теңге бөлінді. Нәтижесінде, 312 жоба қаржыландырылып, 1210 жұмыс орнының құрылуына негіз болған.

932ec0a2-8d9d-41b9-8c24-0f20ffd9d92c

Форумда сөз сөйлеген бизнес-омбудсмен Болат Палымбетов кәсіпкерлердің негізгі мәселелеріне тоқталды.

«Соңғы екі жылда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөнінде 12 420 өтініш түсті, соның ішінде Атырау облысы бойынша 378 өтініш келді. Осы проблемалардың 90 пайызы өңірлік сипатта екенін атап өткен жөн. Бұлар – жер алу, құрылыс мәселелері. Олар жергілікті жерде, жергілікті деңгейде шешілуі тиіс»,-деді Болат Палымбетов.

75291da0-c6f4-4c70-b6eb-9148c2dec22b

Бизнес-омбудсмен жергілікті атқарушы органдарға жер учаскелерін сатып алу процесі туралы тиісті ақпаратты жариялап отыру қажеттілігін атап өтті.

Бұл бағытта, облыс әкімі Нұрлан Ноғаев мәселені шешу үшін өңірде атқарылып жатқан істерге тоқталды.

«Кәсіпкерлермен кездесуде рұқсат құжаттарын беру, соның ішінде жер мәселелері бойынша проблемалар көтеріледі. Қазір біз электрондық геопортал құрудамыз, сол арқылы осы мәселелердің барлығы электрондық форматта шешілетін болады және бұл жер учаскелерімен жұмыс процесін ашық етеді»,-деді облыс әкімі.

Айдос Қарабала

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*