Атырауда көршісін пышақтап өлтірген азамат ұсталды

Атырау облысының Индер ауданында көршісін пышақтап тастаған азаматқа қатысты тергеу амалдары басталды. Бұл туралы редакциямызға Индер аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

information_items_20244

Тергеу құжаттарына сәйкес, 5 қыркүйек күні күдікті К. есімді азамат көршісімен келіспей, өзара жанжал туындаған. Кейін күдікті үйінен асхана пышағын алып шығып, жәбірленушінің кеудесіне екі рет соққы жасапты. Салдарынан жәбірленуші оқиға болған жерде көз жұмған.

К.-ның жасаған қылмысы – аса ауыр санаттағы қылмыс қатарына жататындықтан, тергеу және сот органдарынан қашып кету, тергеуге және сот ісін жүргізуге кедергі келтіру мүмкіндігі бар екендігі ескеріліп, оған қатысты екі ай мерзімге «күзетпен ұстау» санкциясын беру туралы өтініш қанағаттандырылды.

Тергеу амалдары жалғасуда.

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*