Атырауда көпбалалы аналар алқа иеленді

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Атырау қаласының әкімі Серік Шапкенов мереке иелерін құттықтады. Шаһардың көп балалы аналарына Елбасы Жарлығымен Алтын және Күміс алқа мемлекеттік наградаларын салтанатты түрде табыс етті.

Аналар алқа тақты

Барлығы бес Алтын және 32 Күміс алқа өз иесін тапты.

– «Әйел бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді» деп бекер айтылмаған, – деді шаһар басшысы. – Тіршіліктің бәрі оянып, айнала жайнай бастайтын көктемнің алғашқы күні аналарымызды, апаларымыз бен қарындастарымызды шын жүректен құттықтаймыз.

Елбасының сарабдал саясатының арқасында дінге, ұлтқа бөлінбей, бірлігіміз жарасып, берекелі ғұмыр кешіп келеміз. Президент өзінің жуырдағы халыққа Үндеуінде бірқатар әлеуметтік мәселелерді кө-терді. Соның ішінде, тұрғын үймен қамту, білім гранттарын бөлу және басқа да әлеуметтік жеңілдіктер жасау бағытында келелі міндеттер жүктеді. Игі істер алдағы уақытта да жал-ғасын табатын болады. Күні ертең аяқ басқалы тұрған қазақша жаңа жылымыз құтты болғай!

Осыдан кейін, аталған марапат иелері Альбина Текеева Ғалия Көптілеуова жүрекжарды ал-ғыстарын жаудырды. Соңында сый-сыяпат табысталды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*