Атырауда көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады

Атырауда Амандосов көшесінен Бейбарыс даңғылына дейінгі көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады.

34691046_588431394872681_7964009371363442688_n

Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Баймұханов көшесіндегі автокөлік жолына жаңғырту жұмыстары жүргізілуіне байланысты, 2018 жылғы 8 маусым мен 27 маусым аралығында Амандосов көшесінен Бейбарыс даңғылына дейінгі көлік қозғалысы тоқтатылады.

Осыған орай, Баймұханов көшесі арқылы жүретін қалалық маршруттар Бейбарыс даңғылы, Еркінов және Амандосов көшелері арқылы қатынайды.

 

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*