Атырауда көктайғаққа қарсы жұмыс басталды

Атырау қаласында көктайғаққа қарсы 200 жұмысшы, 20 техника жұмысқа кірісті, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

2018022109580560778_img-20131127004243-985

Қазіргі уақытта көлікке және жаяу жүргіншіге арналған жолдың бәріне құм себіліп, орталық көшелерге тұз ерітіндісі қолданылып жатыр. Әзірге 12 суару-жуу машинасы, 6 трактор, 2 құм шашатын көлік үздіксіз жұмыс үстінде.

Бұған дейін де жауған жаңбырдың салдарынан жолға мұз қатып, Атырау-Астрахан жолы жабылған еді. Атыраудағы «Қазгидромет» орталығының кешегі болжамы бойынша, осы ауа райы 6-7 желтоқсан күндері де жалғасады. Сондықтан үйден шығарда абай болған жөн.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*