Атырауда күкірт концентрациясы шамадан 200 есе асты деген ақпарат жоққа шығарылды

Бүгір өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында “Қазгидромет” РМК Атырау облыстық филиалының директоры Салауат Түленов Атырауда күкірттің концентрациясы рұқсат етілген шамадан 200 есеге асқандығы туралы ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.  

f16a17c6-e8da-454f-a0a6-877a11a8ea87

– 9-10 сәуір күндері Атырау-Астрахан тас жолының бойында 10 шақырым қашықтықта орналасқан «Туxлая Балка» алаңында үш нүктеден ауа сынамалары алынды. Бұл АМӨЗ артында қалада орналасқан «Туxлая Балка» емес. Ауа сынамалары “Атырау Су Арнасы” КММ тиесілі ластану аймағынан алынғандықтан, біздің газ анализаторларға күкірттің көп мөлшерін тіркелген. Алайда, бұл көрсеткіштер қалада ауаның ластануы орын алғандығын көрсетпейді. Мұндай ақпарат тіркелмеген, – дейді Салауат Түленов.

Баяндамашының айтуынша, бүгін “Қазгидромет” РМК тексерісі бойынша НКОК және АМӨЗ компаниялары Атырау қаласындағы ауада күкірт концентрациясын рұқсат етілген шамадан асырмады.

Сондай-ақ, 2 сәуір күні Атырау қаласы тұрғындарының шағымы бойынша арнайы комиссия құрылып, 1 ай көлемінде қаланың ішіндегі және сыртындағы атмосфералық ауаны зияндылығын бақылайды. Комиссия құрамына “Қазгидромет” РМК, экология департаментінің қызметкерлері және қоғам белсенділері кірді.

Атырауда ауа мониторингі 2 мамырға дейін жүргізіледі. Оның мақсаты – атмосфераның ластануының негізгі көздерін анықтау. Осыдан кейін барлық жиналған ақпарат Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне берілетін болады. Зерттеу нәтижелері БАҚ және әлеуметтік желілерде жарияланады.

Хорлан СМАДИЯР

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*