Атырауда халықаралық инвесторлар форумы өтті

Мұнайлы мекенде дәстүрлі ұйымдастырылатын «Атырау Инвест-2017» форумы аясында өткен 16-шы Солтүстік-Каспий құрылыс және интерьер көрмесіне жиырмадан аса алыс және жақын шетелдік компаниялар келді.  шараға облыс әкімі Нұрлан  Ноғаев  қатысып,  көрмеге сәттілік тіледі.

Инвестиция Ц ¦лгер¦ басуды__ кеп¦л¦

Дәстүрлі түрде өткізілетін «Атырау Инвест» форумына, – деді ол, –  алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге ризашылығымды білдіремін. Осы шарадан өздеріңізге қажетті ақпарат пен жаңа серіктес табады деп сенеміз. Сондайақ, бұл күндері облыс орталығында атқарылып жатқан жұмыстармен жақынырақ танысуға мүмкіндік тумақ.

Одан әрі  облыс әкімі Мемлекет басшысының инвесторлар тарту бағытындағы тапсырмасы аясында жасалынған істердің тиімділігін көрсетіп жатқандығын жеткізді. Өңірдің мол мүмкіндігін шетелдіктерге кеңінен таныстыратын осындай шаралар жиі ұйымдастырылып жүр. Бұл аймақтың тұрақты дамуына жол ашады. Шетелдік және отандық инвесторлардың басқосуы олардың өзара тиімді келісімдерге қол жеткізуіне мүмкіндік береді, бірлескен кәсіпорындар құруына жағдай туғызады. Бүгінде облыста осындай мыңнан аса компания жемісті жұмыс жасап жатыр.

 Қазақстанның Еңбек Ері, «ҚазЭнерджи» қауымдастығы төрағасының орынбасары Ұзақбай Қарабалин Атырауда тұрақты ұйымдастырылып жүрген көрме мен форум өзінің тиімділігін көрсетіп үлгергенін,  жаңа әріптестер табуға, тың технологияларды жарнамалауға жол ашатынын айтты.

Болашаққа демеу алып, жаңа идеяларға ұмтыламыз. Елбасымыз айтқандай, озық технологиялар мен инновациялар арқылы ғана биіктен көріне аламыз, – деді ол.

Ал, Германияның Қазақстандағы Консулы Йорн Розенберг бұл шараға жұбайы Урсула Розенберг ханыммен бірге келіпті. Оның айтуынша, көрме – тек Қазақстанның батыс өңірлерінде ғана емес, халықаралық деңгейдегі ірі өндірістік жоба. Мұның айқын айғағы – алыс-жақын шет елдерден іргелі компаниялардың қатысуы.

Биылғы жылдың басты жаңалығы, – деді мәртебелі мейман, Қазақстан мен Германия  арасында дипломатиялық қарымқатынастың орнағанына 25 жыл толды. Германия үшін Қазақстан Орталық Азиядағы басты экономикалық әріптес саналадыАл, көмірсутегі шикізатына мол Атырау облысының орны біз үшін бөлек. Мұнда жергілікті басшылықтың қолдауымен іскерлік байланыстар орнатуға ыңғайлы ортаның қалыптасқанына қуаныштымыз. Келесі жылы да осында қайта қауышатынымызға сенімдіміз.

Инвестиция Ц ¦лгер¦ басуды__

Елімізге белгілі кәсіпкер Сағат Түгелбаев шараға қатысушылар мен ұйымдастырушыларға алғыс білдіре отырып, оның осындай мақсатқа  арнайы тұрғызылған көрме залында өткізілуі ұтымдылық екендігін айтты. Демек,  бұрынғы   жылдармен  салыстырғанда, биылғы шараның бұл да бір ерекшелігі.

Ресейлік «Урал» зауыты – Қазақстанмен ұзақ жылдан бері берік байланыс орнатқан кәсіпорындардың бірі. Еліміздің мұнай-газ саласына қажетті қуатты автомашиналар мен оның қосалқы бөлшектері содан тасымалданады. Ал, 2013 жылдан бері жүк  көліктерін Қазақстанда жинау  қолға алына бастады. «Урал» автомобильді зауыты» АҚ-ның маркетинг және коммуникациялар басқармасының бас маманы Юрий Дубровиннің айтуынша, негізінен мұнай мен  су және жанармай тасымалдайтын автоцистерналар жеткізіледі.

Атыраудағы көрмеге алғаш рет қатысып отырған «ПСС Экспорт» компаниясының өнімі құбыр, резевуар, мұнай қоймалары мен платформаларын таттанудан қорғап, қалыпты күйде сақтауға оң ықпал етеді. Яғни, металдың физикалық, химиялық құрамына әсер етіп, қорғаныш қабілетін арттырады. Нарықта жиырма жылдан бері табысты еңбек етіп келе жатқан компанияның бас директоры Максим Рогачевтың сөзіне қарағанда, бұған дейін кәсіпорын «Каспий Құбыр Консорциум-К», «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамдарымен тығыз қарым-қатынас орнатқан.

Тігін индустриясында өзіндік орны бар Түркия кәсіпкерлері арнаулы киім өндірісінің ауқымын кеңейтпек ниетте. «Кыванч Груп» компаниясының Азия елдеріндегі сату бойынша аймақтық менеджері Серкан Йылдырымнан білгеніміз, бұған дейін де көршілес Ақтау қаласына өнімдерін ұсынып отырған кәсіпорын енді Атырау нарқына жол тартпақшы.

Біздің тауардың бәсекелестерімізден ерекшелігі, – дейді компания өкілі Гүлмира Иманқұл, – оның матасының, тіпті жібінің таңдалып алынатындығы. Киімкешектеріміздің денеге жабыспайтын әсері бар. Күзет қызметіне және тағы да басқа  салаларға арнаулы киімдер тігеміз. Сонау 1980 жылы негізі қаланған шағын бизнес бүгінде үлкен компаниялар тобына айналды. Біздің қондырғыларымыз заман ағымына сай. Арнайы зертханамыз да бар. Өніміміздің сапасына, табиғи тазалығына ерекше мән береміз.

Ал, «Могилевлифтмаш» ашық акционерлік қоғамының мұнайлы мекенде тұрақты тұтынушылары бар. Қазір олар «Атыраулифт» мекемесіне лифт және көтерме құралдарын тасымалдайды. Компанияның сату бюросының басшысы Роман Лобановтың  айтуынша, ТМД елдерінде осы салаға маманданған бірегей ірі зауыт 1970 жылдан бері жұмыс істеп келеді.  Әр жылы 12 мыңнан астам лифт шығаратын кәсіпорын өнімін Ресейге, Беларусь Республикасына, Қазақстанға  тасымалдайды.

Қысқасы, «АтырауИнвест-2017» форумы аясында ұйымдастырылған 16-шы құрылыс және интерьер көрмесі қайтарымды шара ретінде есте қалмақ.

Айбөпе Сабырова

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*