Атырауда футзалдан ІХ ашық қала чемпионаты мәресіне жетті

10 мамыр күні «Құрманғазы» атындағы мәдениет сарайында футзалдан IX ашық қала чемпионаты қорытындыланып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды, деп хабарлайды Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

DSC_0731

Бүгінде мыңдаған қала тұрғыны аяқ добы спортымен тұрақты түрде айналысады.Оның бірден бір дәлелі – футбол федерациясының ұйымдастырған қала кубогы. Бұл сайыс 5 лигага бөлінді.

Жарыс қорытындысы бойынша III-ші лигада «Нұрберген» командасы үздік атанды. Ал II-ші лиганың жеңімпазы«Олимп» құрамына болса, I-ші лигада «Umirzak United» командасы чемпион атанды. 2015 жылы құрылған бұл команда «Премьер Лигада» ойнауға жолдама алды.

Сондай-ақ, ардагерлер лигасында Құрманбаев Руслан демеушілік ететін «Болат» командасы жеңіске жетті. Бұл команда көптеген Республикалық турнирлерде жүлдегер атанып жүр.

Атырау қаласының премьер-лигасында «Өмірзақ» командасы чемпион атанды. 2012 жылы құрылған бұл команда былтыр “Атырау” премьер-лигасында топ жарған болатын.

Жарыс соңында әр лиганың үздік ойыншылары түрлі номинация бойынша марапатталды.

Хорлан Смадияр

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*