Атырауда ешкі сүтінен балмұздақ шығарылмақ

Бүгін Атырау облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ешкі өсіру және ешкі сүтін өңдеуге мамандандырылған алғашқы қазақстандық жоба – «Сарайшық» ауыл шаруашылығы кәсіпорнына барды, –  деп хабарлайды Atr.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

20180413132852

Ферма директоры В. Розметовтың айтуынша, кеңейту аясында 450 асыл тұқымды ешкі әкелінді, бүгінгі таңда 300 бас мал төлі жиналды. Бірінші кезеңде 81 т пастерленген сүт, 21,6 т йогурт, ассортименттегі 15,3 т ірімшік және 4 т ешкі етін шығару жоспарланған.

Сондай-ақ, фермада ана сүтінің пайдасынан кем түспейтін балалар тамағын шығару жоспарда бар. Жақын арада ешкі сүтінен балмұздақ пен май шығарылатын болады.

Қазақстанда осы үлгідегі жоба алғаш рет жүзеге асырылуда. Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының қолдауымен құрылған шаруашылық бүгінде жеңілдікті несиенің басым бөлігін өтеген.

Айта кету керек, еліміздегі ауыл шаруашылығы кәсіпорнының дамуына Президенттің бес әлеуметтік бастамасының төртінші бағытын жүзеге асыру нәтижелері үлкен ықпалын тигізеді. 2018 жылы жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін жеңілдікті несие беруді ұлғайту мақсатында қосымша 20 млрд тг бөлінді, осылайша шағын несие берудің жалпы сомасы 62 млрд тг құрайды.

Хорлан СМАДИЯР

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*