Атырауда екі мотоцикл соқтығысып екі адам қаза тапты

Қыстың соңғы күнінде Атырау қаласының іргесіндегі Еркінқала селосында оқыс оқиға болды.

lmokogsYSKg

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандарының хабарлауынша, кешкі 22 сағат шамасында жүйткіп келе жатқан екі мотоцикл соқтығысқан. Оның салдарынан екі жас адам қаза тапты. Тағы екеуі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер олардың жағдайын «ауыр» деп сипаттап отыр. Зардап шегушілердің  бас-миы зақымданған, денелерін күйік шалған.

Қазір тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Азамат САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

1 комментарий

  1. Турлан Абилкайыров

    Иманды болсын

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*