Атырауда «Е-ПИК» жобасы іске қосылды

Шаһар шырайы Экономика Қоғам

Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарланғанындай,  облыс орталығында «Е – ПИК» пилоттық жобасы іске асырыла бастады. Қаладағы 71 пәтер иелері кооперативі мен тұрғын үй қорын басқарушы компаниялар аталған бағдарламаға қатысып, бірыңғай интернет-алаңға біріккен. Олардың бәрі «Атырау – Ашық қала» интернет-порталы арқылы «Е – ПИК» бағдарламасымен жұмыс жасауда.

crop_f88d992c7b66554b4e0eac9049f_1451470659

Қалалық әкімдіктің ақпараттық технологиялар және мемлекеттік сатып алуларды бақылау бөлімінің басшысы Самат Ембергеннің айтуынша, бұл жоба пәтер иелері мен ПИК-тердің, басқарушы компаниялардың, қызмет көрсетуші ұйымдардың, коммуналдық қызметтердің, атқарушы билік органдары мен тұрғындар  арасындағы байланысты ретке келтіруге  жол ашты. Сондай-ақ, тұрғын үй шаруашылығын жаңғырту мен цифрландырудың бірыңғай байланыс жүйесі қалыптасты.

Енді  Атырау қаласының әрбір тұрғыны аталған жүйеден өзінің жеке кабинетін ашып, одан пайдаланушының меншігінде тұрған үй туралы ақпарат ала алады. Сонымен бірге, пәтер иелері кооперативі мен қызмет көрсетуші компанияның атына арыз-шағымын жолдап, жеке есепшотының жағдайы жөнінде,  қаланың коммуналдық қызмет көрсету құрылымдарына қатысты  мәліметтер алуына мүмкіндігі болады. Қазір «Е – ПИК» бағдарламасы аясында қала тұрғындарынан 34 өтініш  түскен.

Дәулетқали ЛАТИФҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *