Атырауда домбыра аспабына арналған кітап шықты

Атырауда тарихи-өлкетану мұражайы қорындағы  музыкалық аспаптар туралы әңгімелейтін «Домбыра-Дастан» кітабы жарық көрді.

1033993989

«Домбыра-Дастан» кітабы музей қорындағы 60-тан астам аспапқа жеке-жеке жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі. Ол 5 тараудан тұрады», – деді Атырау тарихи-өлкетану мұражайының директоры Рашида Харипова.

«Аңыз» атты бірінші тарау домбыра тарихына арналған. Екіншісі – «Жан серігі қазақтың», онда танымал күй орындаушылардың, өнер қайраткерлерінің аспаптары жайлы әңгімеленеді. «Алып сурет – аламан оркестр» аталатын үшінші тарауда 500 және 1000 адамнан құралған белгілі оркестрлер жайлы айтылған. Үшінші тарау домбыра жасау шеберлеріне арналған. Бисенғали Мырзағалиев, Арыстанбек Молдашев, соғыс ардагері Ізім Бекмағанбетов, Мұса Әділұлы, Мәзен Шәкиев сынды  атақты домбырашылардың аспаптары бүгінде музейдің бірегей жәдігерлерінің біріне айналған. Экспонаттар қоры «Үкілі домбыра» бірінші өңірлік байқауынан кейін тағы 8 аспаппен толықты.

«Домбыра – күй дастаны» атты кітаптың бесінші тарауында ақын-жазушылардың шығармалары берілген.

Кітап облыстың барлық кітапханаларына жеткізілетін болады.

Хорлан СМАДИЯР

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*