Атырауда дарынды балаларға арналған спорт мектеп-интернаты салынады

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов Атырау облысына арнайы іс-сапармен келді, деп хабарлайды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

20180611082027

Дирекция басшысы облысымыздағы спорттық насандары аралып, спорттың даму барысымен танысты. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде өткен баспасөз маслихатында бұқаралық спортты дамытуға арналған ҰОК-нің жаңа жұмыс форматы түсіндірілді. Жиынға спорт қызметкерлері және олимпиадалық спорт түрлерінен облыстық федерация басшылары мен өкілдері қатысты.

Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет облысымыздағы олимпиадалық спорт түрлерінің даму туралы есеп берді. Спорт түрлерін саралау бойынша өткен жиында бүгінгі күнгі басты мәселелер қозғалып, дирекция басшысына ұсыныстар айтылды.

Бүгінде Атырау облысы бойынша спорт саласында көптеген айтулы жобалар қолға алынып, жүзеге асырылуда. Соның бірі –  спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп – интернатының құрылысы. Мұнымен қоса, 44 спорттық нысанның жобалау-сметалық құжаттары дайындалуда.

Жалпы, Атырау облысы бойынша 22 жазғы олимпиадалық спорт түрлері саралаудан өтті. Атап айтсақ, «А» тобында – 11, «В» тобында – 9, «С» тобында-2.

Сондай-ақ, Исатай мен Махамбет аудандарында қазіргі уақытта жаңа спорт мектептерінің құрылысы қарқынды түрде жүруде. Ал Елсияр Баймұхамедұлы аудандарды аралау барысында өзінің оң бағасын берді.

Хорлан Смадияр

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*