Атырауда былтыр пайдалануға берілген мектептің шатыры ұшып кетті

Атырау облысындағы жаңа мектептің шатырының бір бөлігін қатты жел ұшырып әкетті,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мектеп шатыр

«Жылдамдығы секундына 18 метрге дейін жеткен қатты жел Доссор кентіндегі О.Сарғұнанов атындағы орта мектептің шатырын жұлып кетті. Желдің әсерінен жалпы көлемі 5 мың шаршы метр болатын шатырдың 48 шаршы метрі бүлінген. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ»,-деп хабарлайды Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері.

Аталған мектеп 2017 жылы ғана пайдалануға берілген. Жазда осы мектептің шатырының бір бөлігіне қатты желден зақым келген болатын.

Айқара Ғұмар

Фото inform.kz сайтынан алынған

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*