Атырауда бірде-бір апатты мектеп пен балабақша жоғы рас па?

Облыстық білім беру басқармасының басшысы Нұрсәуле Сайлауова жыл соңына қарай бірде-бір апатты жағдайдағы мектеп пен балабақша болмайтынын жеткізді. Өткен оқу жылында алты апаттық мектеп болса, биыл соның жартысы жаңартылған. Қалғаны жыл соңына дейін тапсырылады деп жоспарлануда.

uzgen3

Жалпы алғанда, өңірде барлығы 162 мектепке дейінгі, 192 орта және 25 техникалық және арнаулы оқу орындары бар. Жаңа оқу жылында қосымша жеті мектеп пен төрт балабақша пайдалануға берілді. Атап айтқанда, Нұрсая ықшамауданында 624 орындық екі бірдей, Атырау қаласы, Аққала мен Ынтымақ ауылдарында 120 орындық, Жарсуат ауылында саз мектебінің құрылысы мен Миялы орта мектебінің төртінші блогын жаңғырту жұмыстары аяқталды.

Жаңа оқу жылы қарсаңында сегіз балабақшаға, 12 мектепке, төрт қосымша білім беру ұйымына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Тағы алты мектеп пен 11 балабақшаның құрылысы жүріп жатыр. Жыл аяғына дейін Махамбет ауданында – 250 орындық Береке, Құрманғазыда – 80 орындық Лабай, Индерде – 100 орындық М.Мөңкеұлы атындағы және Исатайда – 80 орындық Қызылүй негізгі мектебі қолданысқа берілмек.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*