Атырауда бейіт маңында тоғыз жасар қызды зорламақ болған азамат сотталды

Атырау облысында мектеп оқушысын зорламақ болған ер адамды 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұл туралы редакциямызға Атырау облысының қылмыстық істерге қатысты мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

F8AD1B51-2DBE-47DC-B285-6FF975AC26DA_mw800_s

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға былай өрбіген. Ағымдағы жылдың сәуір айында Атыраудағы Мирный поселкесінің тұрғыны өз үйінің жанында 9 жасар қызды көріп қалады. Қызды қорқытып ұстап алған ол зиратқа апарып, өзінің арам ойын іске асырмақ болады. Алайда, қыз бала оның қолынан сытылып шығып, үйіне қашып кетеді.

– Атырау облысының қылмыстық істерге қатысты мамандандырылған ауданаралық сотында ер адамға қатысты үкім шығарылды. Соттың үкімі, сонымен қатар, алқа билер шешіміне орай сотталушы Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлімі және 120-бабының 4-бөлімі бойынша айыпталып, жазасын қатаң режимдегі бақылау колониясында өтейді, – делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Тергеу жұмыстары барысында сотталушының кінәсі дәлелденді.
Айта кетейік, іс соттың және алқа билердің отырысымен қаралған.
Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*