Атырауда белтемірге тартылу аялдамалары ашылды (ФОТО)

Салауатты өмір салтын қалыптастыру – денсаулық кепілі. Осы мақсатта Атырау облысында демалыс аймақтарында спорттың белтемірге тартыну түрінен спорттық аялдамалар ашылды.

ANU_1924

– Бұл игілікті істі жергілікті кәсіпкерлермен бірлесіп, спорт басқармасы және қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырып отырмыз. Ол кәсіпкерлердің қаражатына салынды. Мұны біздер өзімізше «спорт аялдамасы» деп атадық. Жүгіріп келген адам, тоқтап, өз жаттығуларын жасап, әрі қарай жүгіріп кетеді. «Спорт аялдамасын» қазір қалада бесеуін салдық. Болашақта адамдардың қызығушылығын табатын болса, әрі қарай сала береміз деген үміт бар. Жалпы, бұқаралық спортты дамытуға үлесін қосады деген сенім бар, – деді облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет.

ANU_1883

Ал, жаттықтырушы Фархат Қаржауов: – Белтемірге тартылу үшін кәсіпқой спортшылар келмейді. Белтемірге тартылу омыртқа жотасы аурулары үшін өте пайдалы. Қаламыздың көптеген жерлерінде денені шынықтыратын спорттық алаңдар ашылып жатыр. Жастар үшін өте жақсы, қуаныштымыз. Себебі, өзім жаттықтырушы болғандықтан, жағалаумен спорт тәрбиеленушілерін жүгірткен кезде осы белтемірге тартылып алатын болады, – дейді.

ANU_1877

Осы аялдамаға қолдау білдірген «НұрАтырауҚұрылыс» ЖШС-нің директоры Нұрлан Нұрмұхановтың айтуынша, салауатты өмір салтын, мәдениетін қалыптастыру қазіргі кезде білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі.

ANU_1857

ANU_1906

Абай АҚМҰРЗИЕВ.

Суреттерді түсірген: Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*