Атырауда бекіре тұқымдас балықтардың өлімі тіркелді

Мәселе

Мамандардың айтуынша, бұл жағдай Жайық өзеніндегі балықтардың қырылуымен байланысты, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

20171106152257924_big

Бұл туралы Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Арман Молдашев мәлімдеді.

Бекіре тұқымдас балықтардың қырылуы «Луговой ат зауыты» мен Жайық-Атырау бекіре өсіру зауытында тіркелген.

– «Луговой ат зауытында» 100-ге жуық бекіре тұқымдас балық өлген, 1974 балықтың жағдайы ауыр. Жайық-Атырау бекіре өсіру зауытында 25 бағалы балықтың өлгені анықталды, 30 дана балықтың жағдайы нашар. Бұл мәселе Жайық өзеніндегі балықтардың қырылуымен байланысты, себебі балық өсіру шаруашылығына өзен суы пайдаланылған. Қазір осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, экологтар мен қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандары Жайық өзеніне су төгетін мекемелердің бәрін тексереді, – дейді Арман Молдашев.

Айта кетейік, қазір ведомствоаралық комиссия Жайық өзеніндегі балық өлімінің себептерін анықтау үстінде. Балық қырылу дерегі бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Суға жүргізілген зертханалық зерттеулер Жайық суының тұрғындар үшін қауіпсіз екенін көрсетіп отыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *