Атырауда бекіре балығын заңсыз сатқан әйел айыпталуда (ФОТО)

Атырауда 10 қыркүйек – 31 қазан аралығында өтіп жатқан кезекті «Бекіре 2017» жедел профилактикалық операциясы барысында бекіре тұкымдас балықтарды саудалаған азаматша анықталды. Бұл туралы редакциямызға Атырау облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

фото5

Атырау қаласындағы Қ.Смағұлов бульварында орналасқан жазғы кафеге құнды балықты жеткізіп, келісін үш мың теңгеден саудаламақшы болған 44 жасар әйел адам полиция қызметкерлеріне берген түсініктемесінде су маржанын «Көктем» базарындағы белгісіз азаматтан сатып алғанын айтқан. Тексеру барысында барлығы 35 келі 500 гр бекіре тұқымдас балық анықталып, оның 1,5 келісі сот-биологиялық және тауарлық сараптамаға жіберілді.

фото4

Қазіргі кезде қызыл кітапқа енген балық түрін саудалаған азаматшаға қатысты ҚР ҚК 339 бабы негізінде сот алды тергеу жұмыстары жүргізілуде.

 Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*