Атырауда «Бекіре-2017» акциясы кезінде 64 тонна балық, 11 келі уылдырық тәркіленген

Атырау облыстық әкімдігінде құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті,-деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

IMG-20171228-WA0003

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өткен жиналысқа барлық құқық қорғау және қадағалау органдары мен құзырлы мемлекеттік құрылымдардың басшылары қатысты. Күн тәртібіндегі мәселелердің бірін қарау барысында аймақ басшысы браконьерлікпен күрес бойынша атқарылған жұмыстар туралы есепті тыңдады.

«Бекіре-2017» табиғат қорғау акциясы кезінде 826 заң бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 21 іс бойынша сот шешімі шыққан. Балық қорғау заңнамасын бұзғандарға 13  млн. теңге әкімшілік айыппұл салынды.  64 тонна балық тәркіленген, оның 3 тонна 126 келісі бекіре тұқымдас және 11 келісі уылдырық.  Заңсыз айналымнан 118  жүзу құралы мен 42  бірлік автомотокөлік шығарылған.

Нұрлан Ноғаев барлық деңгейдегі мемлекеттік орган қызметкерлері тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу керектігін атап өтті.  Жиналыста  тұрғындардың заңсыз балық аулаумен айналысуларына себеп жоқтығы да айтылды. Аймақта әр түрлі салада лайықты жұмыс табуға қажет жағдайдың бәрі жасалуда.

Аймақ басшысы орынбасарларына нақты тапсырмалар берді.

«Аз жұмыс істелген жоқ,  біз біраз оң көрсеткіштерге қол жеткіздік,  бірақ әлі де қызметімізді күшейтуіміз керек»,-деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев. «Браконьерлік – біздің қоғамның азғындығы, оның тамырына балта  шабуымыз  керек,  ол  үшін мемлекеттік органдар өзара әрекетте жұмылып жұмыс істеуі тиіс. Балық аулаумен заңды түрде айналысқысы келетін балықшылар салық органында жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, балық тапсыратын өндірістік кооперативтермен ресми келісім-шартқа отырулары керек. Бәрі  ашық, айқын болуы қажет.»

Айқара Ғұмар

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*