Атырауда байдарка мен аула спорты дамиды

Атырау қаласында бұқаралық спорт түрлерін дамытуға көңіл бөлінбек. Әсіресе, соңғы кезде тасада қалып қойған байдарка мен аула спортын дамыту бағытында жұмыстар атқарылуда. Халықтың спортқа деген ынтасы жоқ емес. Жыл басынан бері түрлі деңгейдегі сайыстардан атыраулық спортшылар 152 медальды еншілеген. Бұл туралы VI шақырылған Атырау қалалық мәслихатының  XIV сессиясында сөз болды.

Атырау қалалық мәслихаты сессиясынан

– Қала көлемінде бұқаралық спортты дамыту мақсатында «Мұнайшы спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 15 спорт нұсқаушысы жұмысқа қабылданды. Олардың негізгі міндеті ықшамаудандардан салынған спорт алаңдарында балаларды спортқа баулу, қалаішілік жарыстарды ұйымдастыру. Спорт алаңдарына күні бүгін 380 бала келіп жүр, – дейді қалалық спорт және денешынықтыру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрбек Ахмедьяров.

Оның айтуынша, қалада 43 спорт түрінен федерациялар қоғамдық бірлестік түрінде жұмыс жасап отыр. Оларға жетім және жартылай жетім балалар, көп балалы, аз қамтылған отбасылар балалары тегін бара алады.

Атырау қалалық мәслихаты сессиясынан2

Сессияда сөз алған қала әкімі Серік Шәпкенов халық қалаулыларын құрылыс жұмыстарының сапасын қадағалауға шақырды.

– Атырау қаласында, әсіресе, бұқаралық спорт түрлерін дамытуға көңіл бөлініп отыр. Байдарка–Атырау мен Батыс Қазақстан облысында ғана кең дамыған спорт. Өкінішке қарай, соңғы жылдары бұл спорт түрі кенжелеп қалды. Құрылыс саласында да үлкен жұмыстар жүруде. Бірақ, атқарылатыны одан да көп. Сондықтан, құрылыстың сапасын бірлесіп қадағалауымыз керек, – деді шаһар басшысы.

Мәлике Мәлік

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*