Атырауда «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқаны басталады

Балаларды еңбекке заңсыз тарту фактілерін анықтайтын рейдтер түнде өтеді. Бұл туралы облыстық білім басқармасы, облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы және Ішкі істер министрлігінің ювеналды полиция бөлімінің өкілдері хабарлады.

WhatsApp Image 2018-05-31 at 10.59.54

Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің мәлімдеуінше, 1 маусым – балаларды қорғау күні халықаралық мерекесі қарсаңында бала еңбегіне қатысты 12 күндік ұлттық ақпараттық науқан ұйымдастырылады. Науқанды ұйымдастырушы облыстық білім басқармасы шара барысында 12 күн ішінде түнгі уақыттарда рейдтік жұмыстар жүргізілетіндігін айтты. Сонымен қатар, кездесулер, дөңгелек үстелдер мен дискуссиялар, балалар арасында байқаулар өтеді.

Рейдтік іс-шаралар 1 маусымнан басталады. Құқық бұзушылық орын алған жағдайда әкімшілік іс қозғалып, кәмелет жасына толмаған азаматтарға 80 МРП көлемінде айыппұл салынады. Заңсыз жұмысқа алған тарап та жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ, науқан барысында балалардың белгіленген уақыттан кейін ата-анасынсыз көшеде жүруі де тексерілетін болады, – дейді Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясының баспасөз қызметінің бас маманы Дина Ахметова.

Облыстық Ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция тобының аға инспекторы Орынгүл Кушкалиеваның айтуынша, өткен жылы облыста заңсыз жұмысқа орналасу бойынша 30-дан аса бала әкімшілік жауапкершілікке тартылып, кәмелетке толмаған балаларды қызметке қабылдаған 19-дан аса мекеме басшыларына іс қозғалды. Биылғы жылы осы мәселе бойынша 25-тен аса әкімшілік іс қозғалып, 9-дан аса мекеме басшысы жауапкершілікке тартылды.

Айта кету керек, рейдтік науқанмен қатар облыста кәмелетке толмаған балаларды заңды түрде еңбекке тарту бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 14 жастан 18 жасқа дейінгі студенттерге ақылы еңбек түрлерін ұсынады. Еңбек етуге ниетті тұлғалар 8 (7122) 32 22 28 байланыс телефонына хабарласып, қоғамдық жұмысқа қатысу туралы өтінішін бере алады. Сонымен қатар, жазғы демалыс кезінде «Жасыл Ел» бағдарламасында жұмыс жасауға ниетті студенттер жастар ресурстық орталығына хабарласа алады.

Хорлан Смадияр

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*