Атырауда қазақша күрестен өтетін республикалық турнирдің жүлде қоры белгілі болды

Атырауда өтетін қазақша күрестен ашық республикалық турнирдің жүлде қоры 4 млн. теңгені құрайды. Жарыс ұлттық дәстүрлердің Халықаралық форумы аясында өтеді, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

курес

14 наурыз күні Атырауда «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» халықаралық форумы аясында абсолюттік салмақ дәрежесінде түйе палуандар арасында турнир өтеді. Турнирге еліміздің барлық облыстарынан 30-ға жуық палуан қатысады. Сонымен қатар, жарыста Грузия мемлекетінің палуандары да бақ сынайды.

-Турнирдің жалпы жүлде қоры 4 млн.теңгені құрайды. Бірінші орын иеленетін палуанға 2 млн теңге, екінші орынға 1 млн теңге және үшінші орын иеленген 2 палуанға 500 мың теңге сыйақы тағайындалған,-дейді қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ринат Ибрагимов.

Айта кетейік, турнир 14:00-де теннис орталығында өтеді.

Хорлан СМАДИЯР

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*