Атырауда аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетілді

Атырау қалалық «Құспан молла» мешітінде қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Аталған мешіттің Бас имамы Эммат Ғұмаровтың бастамасымен аз қамтылған отбасы, жалғызбасты санаттағы отыз адамға азық-түлік пакеті тапсырылды, деп хабарлайды Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі.

9586 (1)

Қайырымдылық пакеттерін мұқтаж жандарға арнайы тапсырған «Құспан молла» мешітінің Бас имамы Эммат Ғұмаров  адамзат арасындағы көзге көрінбейтін бауырмалдылық қасиетті дамыту – исламда құпталатын ең сауапты амалдардың бірі екендігін айтты.

«Қайырымдылық – адамның бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Қайырымдылық мұқтаж жандардың қажетін өтеудегі ізгіліктің нақты көрінісі. Сондықтан да əрбір жан иесі қайырымдылық істеріне араласып, Жаратушының разылығын аңсаған халде бар ықыласымен мұқтаж жандарға қол ұшын беруі дұрыстың дұрысы» деп атап өтті Эммат Ғұмаров.

Хорлан СМАДИЯР

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*