Атырауда «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы өтті

Шаһар шырайы Құқық

Атырауда «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде полицейлер 400-ден астам заңбұзушылықты анықтаған.

47687936_722386271477192_6319325445783289856_n

Мәселен, 92 жүргізуші қоғамдық көлікті басқару кезінде ұялы телефон қолданғаны үшін жауапқа тартылса, маневр ережесін бұзған 43 жүргізушіге айыппұл салынған.

Жылдамдықты асырған 26 автобус жүргізушісіне хаттама толтырылды. Жедел профилактика кезінде қоршаған ортаны ластау факторларына да тексеріс жүргізілді. Ауаға шамадан тыс газ шығарған 4 қоғамдық көлік анықталды.

Ал, автобусты алкогольді ішімдік ішкен күйінде басқарған 2 жүргізушінің ісі сотқа жолданыпты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *