Атырауда ауызсудың бағасы арзандады

Атырау қаласында 1 тамыздан бастап ауызсу бағасы 3 пайызға арзандады. Аталған тариф бір жыл бойы қолданыста болады.

?????????????????????????????????????????????????????????

“2017 жылдың қорытындысына сәйкес, қаланы ауыз сумен қамтып отырған «Атырау су арнасы» заңсыз әрекеттер негізінде 139 млн теңге кірісті иеленгені анықталды. Бұл тарифтік сметаның 5 пайызын құрайды“,- делінген Атырау облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің хабарламасында.

Департаменттің мәлімдеуінше, 1 тамыздан бастап заңсыз алынған қаражатты тұтынушыларға қайтару үшін бір жыл мерзіміне уақытша өтемақы тарифі енгізілді. Халыққа арналған су тарифі 101,33 теңгеден 1 текше метрге 97,5 теңгеге дейін төмендетілді. Басқа тұтынушылар үшін – 316,72 теңгеден 307,69 теңгені құрайды.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*