Атырауда «Astana-Arlans» және қытайлық «China Dragons» командалары айқасады

Сенбі күні «Атырау» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде қазақстандық «Astana-Arlans» және  қытайлық «China Dragons» командалары арасында жолдастық кездесу өтеді. Бұл – «Astana-Arlans» командасының тұрақты жетінші WSB маусымындағы үшінші жекпе-жегі.

IMG_9449-02-03-17-11-42

Естеріңізге сала кетсек, Бүкіләлемдік бокс сериясы құрлық бойынша үш топқа (американдық, еуропалық және азиялық) бөлінген болатын. Қазақстандық команда азиялық топта өнер көрсетуде. Қарсыластарымыз – ресейлік «Patriot Boxing Team», өзбекстандық «Uzbek Tigers» және қытайлық «China Dragons» клубтары. «Арландар» екі кездесу өткізді. Айта кетсек, ағымдағы жылдың төртінші ақпанында Мәскеуде ресейлік былғары қолғап шеберлерімен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жеткен болатын. Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) екі дүркін чемпионы «Astana Arlans» өзбекстандық «Uzbek Tigers» боксшыларымен Талдықорғанда қолғап түйістіріп, мұнда да отандастарымыз 4:1 есебімен айқын басымдық көрсетті.

IMG_9448-02-03-17-11-42Атыраудағы жолдастық кездесулер бүгін сағат 17:00-де басталады. Жекпе-жектер бес салмақ дәрежесі бойынша өтеді. Атап айтсақ, 46-49 келі салмақ дәрежесінде «арландық» Теміртас Жүсіпов пен Хи Джунджун (He Junjun) шаршы алаңда кездеседі. Ал, 56 салмақта Ілияс Сүлейменов қытайлық Ванг Лонг (Wang Long) өзара мықтыны анықтамақ.Ділмұрат Мәжитов 64 келі салмақта Лию Янгпен (Liu Yang) жекпе-жекке шықса, 75 келі бойынша отандасымыз Сапарбай Айдаровтың қарсыласы – Жао Минганг (Zhao Minggang). Ал, ең жоғары салмақ 91 келіде Антон Пинчук Новикау Сиархеймен (Novikau Siarhei) кездеседі.

Айгүл ЕРТІЛЕУ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*