Атырауда қамыс өртеніп, пәтерлерге айтарлықтай зақым келді (ВИДЕО)

Экология

Атырауда қамыс өртеніп, салдарынан 2 пәтерге айтарлықтай зақым келді, – деп хабарлайда Atr.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Screenshot_11

“Өрт кезінде үйлердегі сыртқы салқындатқышының әсерінен 300 шаршы метр электр кабелі зақымдалып, бірінші қабатта орналасқан пәтердің балконы өртенді”, – делінген хабарламада.

Өрттен қаза болғандар мен жарақат алушылар жоқ. Тілсіз жауды ауыздықтауға 7 өрт сөндіруші мен 2 бірлік техника жұмылдырылды.

 

Хорлан СМАДИЯР

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *