Атырауда қалта телефоны, велосипед, көлік тонаған күдіктілер ұсталды

Өткен сенбі күні Жылыой аудандық ішкі істер бөліміне қырықтың қырқасынан асқан бір азамат арызданды. Оның айтуынша, түнгі сағт 12-ден асқан уақытта белгісіз біреу өзінің 59 мың теңге тұратын қалта телефонын ұрлап кеткен көрінеді.

v_ufe_samye_rasprostranennye_prestupleniya_krazhi_chashche_vsego_voruyut_sotovye_telefony_image_5980348d4ded23.15811228

Шағым бойынша іздестіру жұмыстарына кіріскен полиция қызметкерлері қылмыстың ізін суытпай ашты. Сымсыз байланыс құралына құмар болған ұры бөлімге жеткізіліп, телефон айғақты зат ретінде алынды.

Осы ұрлықтан бір күн бұрын полицейлер шетелдік көліктің ішіндегі ақшаға «ауыз салған» ұрыны да құрықтаған еді. Қожайынының жоқтығын пайдаланған сұғанақ қолды біреу көлік иесінің 5 мың теңгесін қалтаға басқан болатын.

Дүйсенбі күні құлсарылық жігіт қаладағы бір мемлекеттік мекемеге шаруасымен келіп, есік алдына велосипедін қойып кеткені сол еді. Қайта шықса қос аяқты «темір тұлпары» ұшты-күйлі жоқ. Амалы құрыған ол дереу полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінді. Ал тәртіп сақшылары болса өзгенің велосын айдағыш ұрыны алысқа ұзатпады. Күдікті ұсталып, маркасы «ZHUIFG» велосипеді айғақты зат ретінде алынды.

Ербол БИСЕКЕНҰЛЫ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*