Атырауда алғаш рет “жарқыраған” түнгі жүгіру марафонына 2000-ға жуық адам қатысты

Астананың 20 жылдық мерейтойына орай Атырау қаласында тұңғыш рет түнгі марафон ұйымдастырылды. Оған 2 мыңға жуық адам қатысты, деп xабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі. 

IMG_0435-08-07-18-12-14

Түнгі марафонның жалпы қашықтығы – 5 шақырым. Қатысушылар Мұз сарайы жанынан жүгіруді бастап, орталық көпір арқылы облыстық әкімдікке дейінгі жолды жүгіріп өтті.

«Атырау қаласында марафон жылына бір рет өткізіледі. Ал түнгі марафонды алғаш рет қаланың тұрғындары мен қонақтарының қызығушылығын арттыру үшін ұйымдастырдық. Бұл жастардың спортпен тұрақты айналысуына үлкен мүмкіндік береді. Алдағы уақытта балалар арасында және күзгі марафон өткізу жоспарда бар», – дейді «Atyrau Marathone-2018» ұйымдастыру комитетінің вице-президенті Юрий Пономарев.

Мәреге алғаш болып марафонының тұрақты қатысушысы, қала тұрғыны Базарбай Дауталиев келіп, жеңімпаз медальін мойнына тақты.

Барлық қатысушыларға жарыс алдында неон білезіктер, ал мәреге жеткен соң естелік медальдар берілді. Сондай-ақ, алғаш келген үздік 10 қатысушыға ұйымдастырушылар атынан арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Хорлан Смадияр

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*