Атырауда адамды қағып өткен көлік жүргізушісі шартты жазаға тартылды

Атырауда адамды қағып өткен көлік жүргізушісі шартты жазаға тартылды. Қылмыстық іс Құрманғазы аудандық сотында қаралған.

ФОТО

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды. Олардың айтуынша, 2017 жылдың тамыз айында, сағат 02:00-де С.А. есімді азамат «Тойота Ипсум» маркалы автокөлігімен Ганюшкин селосы, Самаркин ықшам ауданында жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жарақат алған жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болған.

Алдын ала тергеу барысында сотталушы мен прокурор арасында кінәні мойындау туралы мәміле түріндегі процестік келісім жасақталды.

Сот С.А.-ны кінәлі деп танып, оны 2 жылға көлік жүргізу құқығынан айыра отырып, 2 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енген.

Айдос Қарабала

Фото stolicaonego.ru сайтынан алынған

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*