Атырауда ақын Ханбибі Есенқарақызының шығармашылық кеші өтеді

Атырауда ҚР еңбек сіңірген қызметкері, РФ Сергей Есенин атындағы сыйлықтың «Алтын медаль» иегері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, ақын Ханбибі Есенқарақызының шығармашылық кеші өтеді.

30571174_243181946227572_6362447480075845632_n

Поэзия кешінің өтуіне Атырау облысы әкімдігі, облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, сонымен қатар, облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығы ұйытқы болып отыр.

«Махаббат пен парасат» деп аталатын шығармашылық кеш 14 сәуір күні, сағат 16:00-де Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында болады.

Кешті Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі сатирик Көпен Әмірбек жүргізеді деп күтілуде.

Ал, шара қонақтары – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ұлықпан Жолдасов, «Самал» тобы, Халықаралық, Республикалық байқаулардың лауреаты Хадиша Шалабаева.

Айдос Қарабала

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*