Атырауда 8 наурызда қанша бала дүниеге келді?

8 наурызда облыс бойынша 19 ұл, 21 қыз дүниеге келген.

1-betke

Облыстық перзентхананың әр күні дүниеге келген сәбилерді тіркеп отыратын операторы Эльмира Ихсанованың айтуынша, ағымдағы жылдың 8 наурызында  перзентханада 19 бала туылған. Оның ішінде ұлдар саны – 7, қыздар – 12.

Ал, қалалық перзентханада бұл күні 9 ұл, 8 қыз бала дүние есігін ашқан.

Құрманғазы, Махамбет, Исатай, Индер, Қызылқоға аудандарының перзентханасында мереке күні дүниеге келгендер тіркелмеген. Жылыой ауданында 3 ұл, 6 қыз бала дүние есігін ашса, Мақат ауданында бір ғана сәби өмірге келді.

Туған күннің әйелдер мерекесімен тұспа-тұс келгені қыздар үшін – қос мереке.  Ал, 8 наурызда дүниеге келген ер азаматтар үшін қандай екенін біле бермейміз. Жұлдызшылар бұл күні дүниеге келген ұлдардың мінезін өте сезімтал, әсершіл деп бағалайды.

Бұл күні туған ерлер ақкөңіл, сезімтал болғандықтан, олардың не болса сол жандарын жаралай береді. Соған қарамастан, қандай қиындық көрсе де, үнемі алға қарай ұмтылады. Тез ашуланады, тәттіні ұнатады екен.

Нұргүл ЫСМАҒҰЛОВА.

1 комментарий

  1. Тұрғын

    Қандай керемет. Мереке күні өмірге келіп, аналарын қуантқан екен ғой. Тағдырдың тамаша тартуы. Барлық ана, барлық бала бақытты болсын. Расында, бала – өмірдің мәні. Ұрпақ сабақтастығы…

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*