Атырауда 7 әлеуметтік нысан пайдалануға берілді

Конституция күні қарсаңында Атырауда 7 әлеуметтік нысан пайдалануға берілді.

IMG_2121-31-08-18-03-10

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, Құрманғазы ауданы Приморье ауылында 300 орындық жалпы білім беретін мектеп ашылды. Сонымен қатар, Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында 424 орындық мектеп пайдалануға берілді. Оған қоса, Елбасының әлеуметтік 5 бастамасы бойынша Атырауда студенттерді жатақxанамен қамту мәселесі шешілуде. Д.Нұрпейісова атындағы музыкалық колледж студенттеріне арналған жаңа ғимарат білім күнінде пайдалануға беріледі. Бұл жерде бір уақытта 100 студент тұра алады. Маxамбет ауданы Талдыкөл ауылында 160 орындық тағы бір мектепке дейінгі білім беретін жаңа ғимарат салынды. Сондай-ақ Индер ауданы Бөдене ауылында 100 орындық балабақша ашылды.

Жыл сайын өңірде жаңа мәдени нысандар іске қосылуда. Бұл жолы Маxамбет ауданы Ақтоғай ауылы тұрғындары үшін 200 орындық мәдениет үйі ашылды. Ал, қала маңындағы Томарлы ауылында 400 орындық мәдениет үйі пайдалануға берілді.

Айта кетелік, әлеуметтік маңызы бар нысандарды пайдалануға беру Конституция күнімен тұспа тұс келді.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*