Атырауда 5 адамның өліміне себепші болған көлік жүргізушісі қамауға алынды

Атырауда 5 адамның өліміне себепші болған көлік жүргізушісі қамауға алынды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.

1

Тергеу анықтағандай, айыпталушы К. 2018 жылдың 14 қаңтары күні, сағат 14:00 шамасында «Hyndai Accent» маркалы автокөлігімен Аққыстау поселкасы бағытынан Атырауға қарай келе жатқанда, жол қауіпсіздігі ережесін бұзып, Б.-ның басқаруындағы «ВАЗ 2115» маркалы автокөлігіне соқтығысқан.

Салдарынан «ВАЗ 2115» маркалы автокөлікте болған бес адам естерін жимастан, оқиға орнында қайтыс болды.

Бүгінде айыпталушы К.-ға қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілген.

Айқара Ғұмар

Фото mediabrest.by сайтынан алынған

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*