Атырауда 4 күн бойы көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады

Атырауда 4 күн бойы көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады, деп хабарлайды Атырау қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі.

big_6a7ea8398a1c2dda401946cfa0a859fd

2018-2019 жылдардың жылу маусымына жылу желілерін дайындауға күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты 24 мамыр таңғы сағат 08-00-ден 27 мамыр кешкі сағат 20-00-ге дейінгі мерзімде “Абай-Махамбет” көшелерінің қиылысындағы көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады.

Бұл көшелермен жүретін қоғамдық көліктер №14 «Авангард ы/а – Темір жол вокзалы», №2 «Балықшы ы/а-Темір жол вокзалы», №21 «СМП-163 – ескі Әуежай», №5 «Құрсай – Дина базары», №57 «Курилкин – Дина базары» және №15 «Сарықамыс ы/а-Мұнайшы ы/а» қалалық жолаушы тасымалдаушы көліктері Гурьевская көшесі, Досмухамбетов көшесі, Орталық айналма жол арқылы, Азаттық даңғылы, Уәлиханов көшелерімен жүргізілетін болады, –  делінген хабарламада.

Хорлан Смадияр

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*