Атырауда 3 күнге созылған халықаралық оркестрлер фестивалі аяқталды

22 қазанда басталған фестивальдің гала-концертін 2 мыңға жуық қала тұрғыны мен қонақтары тамашалады,деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-10-25 at 10.47.21 (1)

Фестивальге Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және еліміздің өзге де облыстарынан 15 оркестр қатысты.

Үш күнге созылған халықаралық фестиваль «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтті. Гала-концертке қазақ өнерінің xас дүлдүлдері Асанәлі Әшімов, Ұлықбек Есдәулет, Қатимолла Бердіғалиев, Жүрсін Ерман, Айтқали Жайымов, Айгүл Үлкенбаевалар қатысты. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев барлық қонақтарға қош келдіңіз айтып, алғысын білдірді.

«Атырау аспанын, Ақжайықтың жағасын күй күмбірлеткен Құрманғазы бабамыз атындағы xалықаралық оркестрлер фестиваліне келген барлық қонақтарға атыраулықтар атынан ризашылығымды білдіремін. Елбасы өзінің бағдарламалық мақаласында “Әркім өзінің туған жерін, өлкесін жетік білуі керек. Туған жерден елге деген маxаббат, елге қызмет ету намысы оянады” деген болатын. Әр үйдің төрінде тұратын домбыраның арқасында еліміздің өнері, дәстүрі, мәдениеті бүгінге дейін жетіп отыр. Өнеріміз берік кезде мәдениетімізді, дәстүрімізді тани біліп, дәріптеп, әлемдік жаһандану заманындағы жастарымыздың бойына руx сіңіре отырып, елін, жерін, қорғайтын азаматты өсіруде Сіздердің атқарып жүрген еңбектеріңіз зор. Өз өнерлеріңізге адалдық танытып келесіздер, қатарларыңыз көбейсін. Біз өзімізге жүктелген лауазымдық міндетке сәйкес осы шараларды ұйымдастырамыз. Сонымен қатар, әр адам өзінің азаматтық ұстанымына сәйкес бұл істердің қосшысы, жаршысы болуы ләзім», – деді облыс әкімі.

WhatsApp Image 2018-10-25 at 10.47.22 (1)

Шараның басты мақсаты – ұлы күйші және композитор Құрманғазы Сағырбайұлының рухын насихаттау. Атырау облысы әкімінің тапсырмасымен облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы ұйымдастырған айтулы шара көптің көңілінен шықты.

«Барлығы жоғары деңгейде өтті. Фестивальдің өту барысы да ұтымды қарастырылған, бір-біріне достығы мен жарасымы сақталған мемлекеттерді жинаған. Алғаш рет ұлттық халықаралық фестивальге қатысып отырғанымыздың өзі біз үшін үлкен мәртебе. Қазақ аспаптарының өзіндік ерекше үні бар. Домбыраны тыңдағанда айрықша күйде боласың. Алайда, тек аспаптар мен тембрімізде өзгешелік болмаса, музыкада жанымыз бір», – дейді Ресейдің халық әртісі Александр Мостыканов.

Шара соңында облыс әкімі елімізге танымал белгілі дирижерларды «Фестиваль лауреаты» атағымен марапаттады.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*