Атырауда 22 наурыз мейрамының атап өтілуіне орай қалаішілік кейбір жолдар жабылады

22 наурыз – Ұлыстың Ұлы күні мейрамының атап өтілуіне орай мереке күндерінде қалада көлік қозғалысына шектеу қойылатындығын қаперлеріңізге береміз.

11111

Қ.Сәтбаев көшесі мен Ә.Молдағұлова көшесінің қиылысынан бастап, Қ.Сәтбаев көшесінің Қ.Ерниязов көшесімен қиылысар тұсына дейінгі аралықтағы біржақты көлік қозғалысы уақытша жабылады.

Орталық көпірдің Еуропалық бөлігінен төмен түскен барлық автокөліктер А.Пушкин көшесінен Б.Жарбосынов көшесіне дейін, одан әрі Қ.Ерниязов көшесінің қиылысына дейін айналма жолмен жүретін болады. Бұл тәртіп қоғамдық жолаушы тасымалы көліктеріне қатысты болмақ.

Басқа бағыттағы қатынастарға тосқауыл қойылмайды. Қозға-лыстың тежелуі ағымдағы жылдың 20 наурыз күні сағат 09.00-ден басталып, 23 наурыз күні сағат 09.00-ге дейін созылады.

Аталған бағыттардағы жол қозғалыстарын шектеу жұмыстары мереке күндеріне жоспарланған шаралардың басым бөлігі орталық Исатай–Махамбет алаңында өтуіне байланысты болғандықтан, жол көлігі қауіпсіздігі жұмыстарына түсіністікпен қарауларыңыз сұралады.

Атырау қалалық әкімдігі.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*