Атырауда 2 баланы ұрлаған әйел Құлсарыдан ұсталды (ФОТО/ВИДЕО)

Атырау облысының Мақат ауданында 4-5 жастағы екі кішкене бала жоғалып, аудан тұрғындары 28-нен 29 қыркүйекке қараған түні әбігерге түсті.

IMG-20170929-WA0005

Мақат кентіндегі Локомотив ауылының кішкене тұрғындары Әмина мен Игілік түс әлетінде ойнауға шығып кетіп, оралмаған. Кешкі 18 сағаттан бастап іздеген ата-аналары балаларының ауыл маңынан таппаған соң, құқық қорғау орындарына хабар берген. Жергілікті полицияға дабыл түскен бойда жеке құраммен жедел іздестіру тобы құрылып, іздеу шараларын жүргізді.

IMG-20170929-WA0008

Іздестіру жұмыстарына аудан әкімдігі, прокуратура, төтенше жағдайлар бөлімі, мекеме, кәсіпорын, мектеп ұжымдары мен оқушылар, 500-ге жуық еріктілер жұмылды. Абырой болғанда, балалар аман-сау. Жедел-іздестіру тобының қырағылығы нәтижесінде балаларды бейтаныс әйелдің ертіп кеткенін анықтап, Құлсары қаласынан қолға түсірді. Қазіргі таңда бала ұрлаған әйелге қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде.

IMG-20170929-WA0006

Ауыл тұрғындарын дүрліктірген бұл оқиға барлық ата-аналардың балаларын көзден таса етпеуіне сабақ болғанын қалаймыз.

Лена НҰРБАЕВА.

Фото, видео автордыкі

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*